Жасанды интелект енгізілуіне байланысты 2 мыңнан астам шенеунік қызметінен кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1370

Өзбекстанда ЖИ енгізілуіне байланысты 2 мыңнан астам шенеунік жұмыстан босатылады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

Өзбекстан президенті басшылық лауазымдағы шенділерді қысқарту туралы жарлыққа қол қойды. Екі мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылады.

Қысқарту әсіресе су ресурстары, ауыл шаруашылығы министрліктері мен салық комитетінде жүргізіледі. Қарашада басталатын оңтайландыруға жасанды интеллектті енгізу де ықпал етіп отыр.

Қысқарғандарға жаңа жұмыс табу үшін Еңбек министрлігі мен кәсіподақтар жауапты. Лауазым иелерінің орнына қарапайым менеджерлер қатарын көбейту көзделген.

Сарапшылардың айтуынша, биылдың өзінде 300 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, кедейшілік деңгейі соңғы бес жылда 5 есеге азайған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...