Көрші әйелді 40 рет күрекпен ұрған еркек ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
702

Жетісу облысында әйелге қатыгез шабуыл жасалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 3 наурыз күні Сүйіксай ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам көршісінің кішкентай балаларына тіл тигізген. Бұған байланысты ескерту жасауға келген әйелге ол аяқ астынан шабуыл жасап, қолындағы қар күрейтін күрекпен бірнеше рет соққы жасаған. Оқиғаны сол маңда болған мектеп жаттықтырушылары тоқтатқан.

Зардап шеккен әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, басының ашық жарақаты және сол қолының сынуы диагноздарын қойған. Қазір ол хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Шоу-бизнес

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты қайта ота жасау қажет болуы мүмкін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal....