Қазақмыс Жамбыл облысындағы 250 отбасыға қайырымдылық жасады

Фото: Қазақмыс

ЖАҢАЛЫҚТАР
590

Қазақмыс өзіне қатысы бар өңірлерде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шу ауданындағы Көкқайнар, Шоқпар, Бірлік, Бірлікүстем және Қонаев ауылдарында қайырымдылық акциясы өтті. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға азық-түлік себеті табысталды. Осылайша әрбір елді мекендегі 50 отбасыға көмек көрсетіліп, жалпы акция 250 отбасыны қамтыды.

 

Игі бастама мереке күндері атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге және әлеуметтік жауапкершілік пен өзара қолдау құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Айта кету керек, компания әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды көздейтін жобаларды да жүзеге асыруда. Жамбыл облысының Шу қаласы мен Бірлік ауылында заманауи, тез тұрғызылатын модульдік спорт залдары пайдалануға берілді. Жоба «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қолдауымен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және облыс әкімдігі арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылды.