Шымкентте дәрігерлер шетелдік азаматты аман алып қалды

Фото: Шымкент қ. денсаулық сақтау басқармасы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1869

Шымкенттік дәрігерлер Түрікменстан азаматының өмірін сақтап қалды. 27 жастағы жігіт қалалық №1 клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Ақ халаттылар жарақаты мен денсаулық жағдайына қарай науқасқа бірнеше операция жасады. Алдымен бауырдың жыртылуынан ішке қан кетуін тоқтататын ота жасалған. Бауыр қызметі жақсарғаннан кейін ортопедиялық операция жасалып, аяқ сүйегінің сынғанына байланысты фиксация қойылған. Сондай-ақ, тексеру барысында науқаста тромб анықталған.

Тромбтың қауіптілігі операцияға қарсы көрсеткіш болғандықтан, тромбты тоқтату үшін науқастың тамырына кава фильтрі орнатылды. Жергілікті дәрігерлер операцияларды сәтті жасап шықты. Көмек көрсетілген азаматтың қазіргі жағдайы жақсы,-деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...