«Күдікті – туған қызы»: Петропавлда аялдамадан әйел адамның мәйіті табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1158

Петропавлда қорқынышты кісі өлтіру оқиғасы болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

17 қазан күні таңертең Заречный ауылындағы аялдама артынан 57 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел пышақ жарақатынан көз жұмған.

«Полиция алдын ала тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде», — деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, қала тұрғынын өлтірді деген күдік оның қызына тағылып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...