Испанияға бара жатқан туристер Жамбыл облысында адасып қалған

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
767

Полицейлер Испанияға көлікпен бет алған Қытай азаматтарына көмек көрсетті. Олар түнде жолдан адасып қалған, бірақ қиындық мұнымен бітпеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kzPolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға шамамен сағат 03:55-те болған. ҚХР-дың үш азаматы бағытынан жаңылысқан. Сонымен қатар олардың көлігінің дөңгелегі зақымдалған. Қиын жағдайда қалған шетелдіктер біздің полицейлерден көмек сұрады.

Полицейлер эвакуатор шақырып, көлікті жақын маңдағы сервис орталығына жеткізуге көмектесті. Дөңгелек ауыстырылғанша, тәртіп сақшылары шетелдіктерге ыстық шай мен тамақ ұсынды. Осыдан кейін сақшылар саяхатшыларға бағыт-бағдар беріп, әрі қарайғы жолын нақтылап берген. 

Қытай азаматтары көрсетілген көмек пен ілтипат үшін полицейлерге алғыс айтып, сапарларын жалғастырған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Cou...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің жалғызбасты аналарға қатысты жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Ол...