Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде...
“Мадинаш қазір тірі болса...»: Мадина Ерғалиеваның сіңлісі естелігін айтты
Фото: әлеуметтік желі
426
Белгілі әнші Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира әлеуметтік желіде марқұм әпкесін еске алып, архив суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол жазбасында Мадина Ералиеваның суретке түсіруге ерекше әуес болғанын айтып, өткен күндерді сағынышпен еске алған.
«Ескірмеген суреттер! Мадинаш қазір тірі болса, Бибігүл апасымен небір қызық сәттерді суретке түсіріп жүрер ме еді...?! 90-жылдары цифровой фотоаппараттың енді шығып жатқан кезі болатын. Мадинаш сол кездің өзінде небір қызық сәттерді суретке түсіріп үлгеретін және тез шығарып ала қоятын», – деп жазды Сағира.
Желі қолданушылары жазба астында жылы пікір қалдырып, әншіні сағынышпен еске алған.