“Күлмеңіз, біз сізге Африкадағы абориген емеспіз” – Жаңбыршин Air Astana басшысына ашуланды

Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңалықтар
218

Жаңбыршин Air Astana басшысын сынады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Көлік, жол мәселесі талқыланған мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Эйр Астана басшысы Питер Фостерге ашуын төкті. Әуе компаниясын сынап сөйлеген кезінде Фостердің күлуі депутаттың ашуына тиген.

Сіз күлмеңіз. Сіз бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге Африкадағы абориген емеспіз. Ештеңені түсінбейтін! Ойнамаңыз, бізді күліп менсінбей. Бұл Парламент! Осы жерде отырғандардың бәрі – халық сайлаған адамдар”, – деді ол.

Еділ Жаңбыршин ұшу күні жақындаған сайын билет құнының өсетініне наразылық білдірді. Оның үстіне бірнеше айдан бері рейс кешіккені үшін берілетін өтемақыны әлі ала алмаған екен. 

“Шынында да Air Astana біздің аспанымыздың құдайы болып алған. Билеттің бәрі жақындағанда көтеріледі. Ол арақашықтыққа байланысты деген бос әңгіме. Билет жақындағанда қалай көтеріледі? Жақындаған кезде көтерілмеуі керек, бағасы түсуі тиіс. Өйткені билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Air Astana, лоукостер мәселесін майшаммен қарау керек. Фостер мырза (Air Astana компаниясының басшысы), сіз шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз қажет. Мұсабаев екеуіміз (Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев) 1 сағат кешіккенге 3 пайыз айыппұл салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар, 2 тамызда Air Astana 12 сағатқа кешікті, әлі күнге дейін айыппұлын ала алмай жүрмін. Неге? Олар қитұрқы сызба әзірлеп қойған. Сайтқа кіріп өтінім беріп, ақшаны алу қиын. Мен әлі жүрмін. Оны аламын да. Ал енді алатын болсаңыз, "жазбаларыңызды, ақшаңызды ешкімге жарияламау керек" деп шарт қояды”, – деді депутат.

 

Қоғам

Депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana  президенті Питер Фостерге компанияның кемшілігін айтқ...

Қылмыс

Астанада полиция алтын ұрлағандарды ұстады,  деп хабарлады madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтем...