Халықтың 70%-дан астамы орташадан төмен жалақы алады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
265

Елде жалақысы номиналды деңгейге жетпейтін қазақстандықтар саны көбейе түскен, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Аймақтарда 600 мың тг жалақыға адамдар барғысы келмей ме: вице-премьер түсінік берді.

Жалдамалы жұмысшылардың 70%-дан астамы 2024 жылғы ІІ тоқсан қорытындысы бойынша белгіленген 403 мың теңгеден төмен алады. Өткен жылы бұл 69,2% болған.

Портал дерегінше, 3,4 млн жұмысшының 2,4 млн-ға жуығы айына 403 мың теңгеден аз табыс табады. Оның 1,5 млн-ға жуығы айына 250 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Жалақысы 1 млн теңгеден асатын қызметкерлердің үлес салмағы небәрі 3,3% – 112 мыңнан сәл асады. Олар негізінен қаржы, сақтандыру саласының және IT-сектордың қызметкерлері.

«Ұлттық статистика бюросының көпжылдық есептері бойынша біз соңғы жылдары елде номиналды, медианалық және модальды жалақы қалай өзгергенін бақыладық. 2019 жылдан 2024 жылға дейін жыл сайын барлық үш көрсеткіш өскен, бірақ олардың арасында қдайы айтарлықтай айырмашылық болды. Мысалы, осы жылдың екінші тоқсанында номиналды жалақы 403,3 мың теңгені құраса, медиандық жалақы одан 29,2%-ға (285,7 мың теңге), ал модальдық жалақы 4 есе (97,6 мың теңге) аз болды», - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...