«Лас дүниеге әуес халық»: Ресейлік блогер қазақтарға тіл тигізді

Коллаж: Orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1079

Әлеуметтік желіде 2,1 миллион оқырманы бар ресейлік блогер Эльмира Ілясова қазақстандықтарды қорлайтын пікірлер жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы  Orda.kz жазды.

Threads желісінде бірнеше күн бойы блогердің (elle_happy_mom) жазбаларына қатысты дау басылған жоқ. Бұл Ілясованың оқырмандарымен сұрақ-жауап айдарында «Қазақстанда жүкті болып тұрмысқа шығу қалыпты жағдайға айналды» деген жауабынан басталған. Блогердің пікірінше, мұсылман елі саналатын Қазақстанда мұндай жағдай қалыпты деп саналады.

Блогер бұл пікірімен тоқтап қалмай, қазақстандықтардың ашуын тудырған тағы бір жазба жариялады

Өмір бақи кірдің ішінде өмір сүріп, лас дүниеге әуес халық, - деген жазбасы әлеуметтік желіде қатты резонанс тудырды.

Threads қолданушылары блогерге жазылудан бас тартып, Instagram әкімшілігіне ұлтараздық мазмұндағы жазба үшін шағым жасауға шақырды.

Шоу-бизнес

Танымал актер Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков үшінші рет үйленіп, қуанышына пікір біл...

MADENI TV

Мемлекет басшысы Қазақстанның қазіргі халықаралық беделі, елдің даму бағыты және жаңа Конституцияның...