Ерте піскен құлпынайды жеген кішкентай бала ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1820

Днепрде ерте піскен құлпынайдан кейін уланған бала қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Украинаның Днепр қаласында алты жасар бала ерте піскен құлпынай жеген соң денсаулығы күрт нашарлап, кейін қайтыс болды.

Бастапқыда балада асқазанның бұзылуы байқалып, іш өтіп, ішінің ауыра бастағаны белгілі болды. Кейін дене температурасы көтеріліп, терісінде бөртпелер пайда болған. Бұл жағдай 9 сәуірде орын алған.

Баланы келесі күні медициналық мекемеге жеткізгенімен, өкінішке қарай, 11 сәуір күні таңертең өмірден өтті.

Мамандардың айтуынша, құлпынайдың құрамында зиянды заттар – паразиттер мен пестицидтер болуы мүмкін. Әсіресе ерте шыққан жемістер химиялық өңдеуден көп өтеді.

Сол себепті құлпынайды мұқият жуып, балаларға берер алдында сақтық танытқан жөн. Ал егер жемістен кейін ағзаңызда қандай да бір өзгеріс байқалса, дереу дәрігерге қаралу маңызды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...