Лифтте балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір тергеу изоляторында ма?

Фото: видеодан алынған кадр/tengrinews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1608

Лифтте балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір денсаулығына байланысты тергеу изоляторында емес, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. 

Кеше өңірлік уәкілмен бірге ауруханаға барып, баламен және әкесімен сөйлестім. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ Астана қаласы бойынша өңірлік уәкіл қыздың анасымен байланыста. Шабуыл жасаған жасөспірім  жағдайына байланысты денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне орналастырылды. Белгілі болғандай, баланың анасы жауапкершілікке тартылды, – деді балалар құқықтары жөніндегі уәкіл.

Оның айтуынша, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бала арнайы бөлімшеде бақылауда, – деп толықтырды Закиева.

Сондай-ақ, ол сот шешімімен психикалық ауытқуы бар және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған мекемеде қазіргі уақытта 745 адамның бар екенін, олардың ішінде 2025 жылы түскен кәмелетке толмаған бір жасөспірімнің бар екенін хабарлады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...