Шымкентте 20 жастағы жігіт оқушыларды ойын арқылы алдап, ата-аналарының картасынан ақша алдыртқан, д...
Динара Сәтжан сүйінші жаңалығымен бөлісті
Фото: инстаграм парақшасынан
2963
Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығымен бөлісіп, ұлының әскерден оралған сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Бүгін түстен кейін біз Даниалды алып кету үшін әскери бөлімге баруымыз керек еді, бірақ ол таңертең тосын сый жасап, үйге келді», - деп жазды Динара Сәтжан.
Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімінде борышын өтеді.
Желі қолданушылары тележүргізушіні құттықтап, әскердегі әр азаматтың үйіне аман оралуын тілеп, пікір қалдырды.