«Көңілдестерінің есімі кітапқа енді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі өмірі туралы кітап шығарады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
455

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман кітап жазып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында болашақ кітабы туралы айтып, онда өз өміріндегі кейбір оқиғалар мен кейіпкерлердің қамтылатынын жеткізді.

"Бұрынғы күйеуімнің көңілдестері, бұл рилс сендерге және сендер туралы. Менің кітабыма ендіңдер және бәрі өз есімімен аталады. Күзде таныстырылымы болады.

Мен сендерге барып, ұрыс шығармадым. Себебі бұл мәселені тек күйеуіммен шештім және бұл дұрыс. Бірақ көңілдестер де отбасылы ер адаммен қарым-қатынас құрған кезде өз таңдауын жасайды. Ал оның салдары біреудің кітабына ену болуы мүмкін", – деді ол.

Назым Қаһарманның сөзінше, кітаптағы кейбір кейіпкерлердің никнеймдері сақталған, алайда олардың тектері көрсетілмеген.

Сондай-ақ ол болашақ еңбегі сатқындықты бастан өткерген адамдардың оқиғаларына арналатынын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...