Майра Ілиясова "Халық әртісі" атағын алғанда қай әріптесінен қатты ыңғайсызданғанын айтты

Фото: Инстаграм @mayrailiassova

Жаңалықтар
1034

Майра Ілиясова биыл Республика күні қарсаңында "Халық әртісі" атанды. Өнер иесі бұл марапатқа бұған дейін де бірнеше мәрте ұсынылғанын айтады. Аталмыш атақ әншіге былтыр неге бұйырмады? Біздің елде "Халық әртісіне" қандай жағдай жасалған? Бұл атаққа тағы кім лайық? Халық әртісі KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында осы сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Майра Ілиясова Астана қалалық филармониясында жұмыс істейді. Өткен жылы дәл сол өнер ошағының басшысы құжаттарды толтырып, қол астындағы әншіні "Халық әртісі" атағына үміткер ретінде ресми түрде тіркеген. Алайда сәттілік серік болмапты. "Сол Астана қалалық филармонияның директоры "Майра апай, сізді "Халық әртісі" атағына ұсындық. "Эстрада өнері" бағыты бойынша бір ғана адамға беріледі екен. Сіздер үш адам түсіп жатырсыздар. Бірақ сіздің қарсыласыңыз мықты. Ескертіп, айтып қояйын" деді. Мен күлдім де олардың кім екенін сұрадым. Сөйтсем Димаш Құдайберген мен Нұрлан Өнербаев екен. Нұрлан екеуміз көбінесе бір ортада жүреміз негізі. "Бұл жерде бір адамға берілетін болса, онда шаппай бәйге алатын Димаш қой. Біз Қазақстанды бағындырсақ, ол әлемді бағындырып отыр" деп бірден айттым. Сонымен бірінші жылы Димаш Құдайберген "Халық әртісі" атағын алды. Негізі Димашты 9 жасында өзім сахнаға шығармын. Өзімнің балам сияқты, атақ алғанына қуандым. Димаштың ата-анасымен 25 жылдан астам уақыт болды туыс сияқты араласамыз", - дейді Майра Ілиясова. Астанадағы филамония директоры араға бір жыл салып Майра Ілиясованы тағы да "Халық әртісі" атағына ұсыныпты. "Директор биыл бұл марапатқа менен басқа тағы кімдердің ұсынылғанын айтпады, мен де сұрадым. Бір күні түнгі 11:00-де бір қыз ентігіп қоңырау шалды "Майра апай, сәлеметсіз бе? Президент аппаратынан хабарласып тұрмын. Шұғыл түрде суретіңіз керек" дейді. Олар не үшін екенін айтпады, мен де сұраған да жоқпын. Осыдан 5-6 жыл бұрын түскен суреттерім бар еді, соны апарып бердім. Содан кейін маған хат келді. Президенттің жарлығымен Майра Ілиясова "Қазақстанның Халық әртісі" деп жазылған. Содан кейін шақырып, кеудемізге тақты. WhatsApp-та бірден құттықтаған адамдардан 500 хабарлама келді, тіпті оқуға шамам келмей қалды. Танымайтын адамдардың мен үшін қуанып жүргеніне таңғалдым", - дейді Халық әртісі.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...