Өз туған күнінде жоғалып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2220

Алматы облысында 3 ай бұрын жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Биыл қыркүйек ортасында жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман табылды. Бұл туралы Lider.kz сайтының волонтерлері Instagram парақшасында жазды.

Сипаттамаға сәйкес, 1995 жылы туған Бақытжан Ғазизоллаұлы Жұбанов 17 қыркүйекте, өз туған күнінде үйінен шығып кеткен. 29 жастағы жігіт сағат 18:00-де Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылы, Абай көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып, қайта оралмаған.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам 20 желтоқсанда табылған. Басқа мәліметтер әлі нақтыланған жоқ.

Әлем

Сот оны адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &n...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Сейфуллин даңғылы бойындағы Forum сауда орталығының маңында екі жүргізуші арасында жанжал ш...