Маңғыстау асабалары “Хан” есімімен танылған асабаға қарсы шықты (ВИДЕО)

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
187

Ел ішінде «Хан» атымен танылған тамада мен оның жұбайының ерсі видеосы тарап, көпшілік талқысына түскен еді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Осыған байланысты Маңғыстау елінің асабалары өз мәлімдемелерін жасады. Олар ендігі таңда асабаның той жүргізуіне қарсы екендерін жеткізді.

"Бүгінгі таңда ел арасында, соның ішінде оқушылардың әлеуметтік желісінде тарап кеткен "Хан" лақап атымен белгілі Қасым деген Маңғыстау өңірінің тойын басқарып жүрген азаматтың өзін өзі түсірген видеосы кең таралып, тек қана өнерпаздар арасында емес халықтың елдің арасында резонанс тудырып жатқаны елге белгілі. Адам айтуға аузы бармайтын нәрсені видеоға түсіріп ел арасына таратқан. Бұл азамат Маңғыстау өнерінен Маңғыстау елінен Маңғыстау жерінен тәлім тәрбие алған азамат емес. Маңғыстау өлкесінде туылған да азамат емес. Қазіргі таңда бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деп әлеуметтік желіде бүкіл ел Маңғыстау асабаларына үлкен сын айтылып жатыр. Біз оған қарсымыз. Ондай азамат ешқандай той басқаруға мүмкіншілігі жоқ", - деді Маңғыстау өлкесінің асабалары.

Сондай-ақ видеоны таратты деген бозбаланың тағдырына да алаңдаушылық білдіріп жатқандарын айтты.

"Осының бәрінің зерттеп зерделеу керек. Кінәлілер ғана жазасын алу керек. Біз ондай азаматтың тойда жастардың алдында тәлім-тәрбие айта алмайтынын білеміз және оған қарсымыз", - деді асабалар қосылып.

 

 

СПОРТ

22 сәуірде Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі,...