“Бекер соттасыппын”: Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан Шараповпен болған жағдай туралы айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2516

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы белгілі әзілкеш Нұрболхан Шараповпен болған даулы жағдайға қатысты пікір білдірді. БАҚ өкілі әзілкешпен соттасқанына өкінетінін айтты, деп жазады madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ләйлә Сұлтанқызы Шараповпен арада болған келіспеушілік өршіп, сотқа дейін жеткеніне өкінетінін жасырмады. Сөзінше, бұл жағдай екеуінің ақылға келіп, уақытылы басыла алмағандығынан туындаған.

"Нұрболханмен бекер соттасыппын. Қазір соны түсініп отырмын. Ол бала да эмоцияға беріліп, менде де сондай жағдай болды. Кіші болып ол тоқтамады, үлкен болып мен де тоқтамадым. Біздің ақымақтығымыз осы болып тұр. Ол елдің көзінше де, былай да кешірім сұрап жатыр. Шын айтса сол жағдай үшін ұяламын. Былай қарасаң болмашы дүние үшін қырық пышақ болдық. Сол кезде сәл эгом басымырақ болды. Қытығыма тиді", - деді Ләйлә Сұлтанқызы "Din Dina Show" бағдарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...