Маңғыстауда ашық теңізге үрлемелі қайықпен шыққан үш адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
662

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында қатты желдің салдарынан ішінде үш адам болған үрлемелі қайық ашық теңізге кетіп қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға түнгі уақытта болған. Хабар түскеннен кейін іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жұмылдырылды. Құтқарушылар теңізде қалған үш азаматты тауып, жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ тұрғындарды ауа райы қолайсыз кезде суға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.  

Әлем

Индонезияда кондитерлік өнімдер шығаратын зауытта алапат өрт болып, 24 адам көз жұмды. Тағы 34 жұмыс...

Әлем

Индонезияның Батыс Ява провинциясында алтын кенішін су басып, 13 адам қаза тапты. Тағы 13 жұмысшы же...