Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы шетелдік инвесторға сатылды, деп хабарлайды madeniportal....
Тоқаев ғимараттарға рұқсатсыз граффити салғандарға қатаң шара қолдануды тапсырды
Фото: Ақорда
424
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғаларына рұқсатсыз граффити салуға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент мұндай әрекеттер қалалардың сәулеттік келбетіне кері әсер ететінін атап өтті. Осыған байланысты қоғамдық орындар мен ғимараттарды бүлдіруге тосқауыл қоятын заңнамалық шараларды күшейту қажет екенін айтты.
Тоқаев жауапты органдарға қала тазалығы мен қоғамдық кеңістіктердің тәртібін сақтауға ерекше мән беруді тапсырды.