Келесі жылы әлемде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен атап өтіледі, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақор...
Маңғыстауда ер адам із-түссіз жоғалып кеткен
ашық дереккөз
Жаңаөзенде 22 ақпаннан бері із-түзсіз жоғалған Совурбек Түлкиев Жақсылықұлына іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам шамамен сағат 11:30-да «Мерей» шағынауданындағы №9 учаскелік полиция пунктінің ғимаратынан шығып кеткен. Содан бері ол үйіне оралмаған.
Жоғалған сәтте Совурбек Түлкиев алкогольдік психоз күйінде болуы мүмкін болған, бұл оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнетін қауіпті күшейтеді.
Жоғалған адамның белгілері:
бойы – 160–165 см;
арық дене бітімді;
қысқа ақ шашты;
үстінде қара күртеше мен қара спорттық шалбар болған.
Ер адамның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан шұғыл түрде Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына 71-002, 72-5-20 немесе 102 нөмірлері арқылы хабарласу сұралады.