Жамбылда жаңа прокурор тағайындалды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1594

Жамбыл облысы прокурорының бұйрығымен Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы прокуроры болып Бекмұратов Қайсар Мұратұлы тағайындалды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан басшысы Ермек Карентаевтың қатысуымен ауданның жаңа прокуроры таныстырылды. Бұл лауазымға Бекмұратов Қайсар Мұратұлы тағайындалды.
Білімі:
– М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
– Қазақ ұлттық университеті «Құқықтану мамандығы» бойынша аяқтаған
Қайсар Мұратұлы прокуратура саласында 2012 жылдан бері жұмыс істейді.
Әр жылдары Жамбыл облысы прокуратурасының бірнеше басқармаларында және аудандық прокуратураларда түрлі жауапты қызметтер атқарған.
Соңғы тағайындалғанға дейін Абай облысы Мақаншы ауданының прокуроры болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...