Жамбыл облысында тағы бір жасөспірім өзіне қол салды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1531

Жамбыл облысының Байзақ ауданында тағы бір жасөспірімнің өлімі тіркелді, деп хабарлады  Мadeniportal.kz.

Қайғылы оқиға Диқан ауылында болған. 16 жастағы баланың денесін сарайдан анасы тауып алған. Жақындарының айтуынша, оның бойынан бұған дейін алаңдатарлық мінез байқалмаған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

«Байзақ ауданында кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылуына байланысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...