Маңғыстаулық 17 жастағы баланың жұмбақ өліміне қатысты тың дерек шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1705

Маңғыстау облысы, Ақжігіт ауылында жұмбақ жағдайда көз жұмған 17 жастағы Сағындық Қуанышбековтің өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.  

Lada.kz хабарлауынша, марқұмның туысы Амангелді Қуанышбеков Сағындықтың денсаулығы жақсы, спортпен айналысқанын айтты. Достары оның мотоциклден құлағанын жеткізген.

Оны үлкендер мотоциклден құлады деп айтуға мәжбүрлеген. Қазір ауылда жүрегі ауыратын еді деген қауесет тарап жатыр. Бірақ бұл — жалған. Ол күнде жаттығуға баратын, денсаулығы мықты еді. Қорлық көрген. Достары мойындады. Оларды біреулердің қорасын тазалауға мәжбүрлеген. Ал менің інім барудан бас тартқан соң, ұра бастаған.

Туыстары бұл істі топпен жасалған қылмыс ретінде тіркеп, күдіктілердің барлығына тергеу аяқталғанша қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануды талап етуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттегі «Ордабасы» кәсіби футбол клубы «Integra Construction KZ» ЖШС бас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы, журналист Қанат Тілеухан мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқы Олимпиададағы жеңісіне...