Мұхтар Шахановтың аманаты орындалатын болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
867

Мұхтар Шаханов Арыстанбаб кесенесінің жанындағы зиратқа жерленетін болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов туған топырағындағы Арыстан баб кесенесінің маңына жерленетін болды. Марқұмды шығарып салу рәсімі 21 сәуірде Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрында сағат 9.00-де өтіп, 22 сәуірде Арыстан баб кесенесінің маңындағы академик Өмірзақ Айтбаев, Көпен Әмірбек жерленген зиратқа қойылады»,- деп жазды Құдияр Біләл желідегі парақшасында.

Бұған дейін Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты туралы хабар тараған еді. Ханшайым Шаханованың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хаты жария болды. Хатта ол Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты мен жерлеу мәселесіне қатысты өтінішін жеткізген.

Ханшайым Шаханова хатында Мұхтар Шахановтың қазақ руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтіп, оның соңғы тілегін орындауға мемлекеттік деңгейде қолдау сұраған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...