Мамандық таңдау – келешегіңе жол салу

РУХАНИЯТ
789

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, əрбір адамның өз əлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор» деп атап өткен болатын.



Осы орайда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды сараптап, тұрақты жұмысқа орналастыру өзекті мəселе болып табылады. 


Жоғары оқу орнын тəмамдаған жастардың түгелі дерлік жұмыс тапты деп айта алмаймыз. Еңбек өтілі жоқ мамандарды жұмыс беруші де құшақ жайып, қабылдай қоймайды. Осы тығырықтан шығудың бір жолы ретіндегі шара – «Жұмыспен қамту-2020» жобасы шеңберіндегі «Жастар практикасы» бағдарламасы. Осы арқылы талаптының тауы шағылмай, тəжірибе жинақтайды. Жұмыс берушінің ойынан шығып жатса, тұрақты жұмысқа да орналасу мүмкіндігі бар.


Бұл шаралар Жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асырылуда. Демек орталық жұмыс берушімен шартқа отырып, жастар практикасынан өтуі үшін арнайы бос жұмыс орындарын ашады. Басты талап сол бос жұмыс орны түлектің алған мамандығымен сай болуы тиіс.


Заң, қаржы, əлеуметтік сала бойынша мамандықтарды меңгерген жастар жұмыс таппай сенделіп жүр. Осы ретте аталған орталық сондай жастарға мамандық таңдауға қолқабыс етеді. Жастарға бағыт-бағдар береді. Мысалы, 2017-2021 жылдарға арналған нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 9 жəне 11 сынып оқушыларына кəсіптік бағдар беру бағытында тестілеу жұмыстары жолға қойылған. Оқушы мектеп қабырғасында жүріп-ақ өзіне ұнаған кез келген бір кәсіби бағытты таңдай алады. 


Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтар игерген кәсібінің сай келмеуіне байланысты жаңа кәсіп алуға үш ай оқып, сонымен қоса арнайы шəкіртақы ала алады. Сөйтіп қызметін өзгертуге мүмкіндік туады.


«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында IT маманы, мобильді қосымша дайындайтын, анимация жəне бейнеграфика жасайтын мамандарға қажеттілік артады.


Дәстүрлі саналатын кейбір мамандықтарға сұраныс азайып, келешекте әлеуметтік қызмет пен ауыл шаруашылығы саласы мамандары қат бола бастайды деген болжам да бар.


З. Самалбекұлы


Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...