15 жасында жаттықтырушысынан жәбір көргенін айтқан қыз әділдікке жете алмаған

Фото: әлеуметтік желі

Әлем
119

Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына бұрынғы шәкірті жыныстық зорлық жасады деген айып таққан. Алайда қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтіп, оған қатысты іс тоқтатылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Виктория есімді спортшының айтуынша, оқиға 2020 жылы, ол 15 жаста болған кезде басталған. Алғашында жаттықтырушы әдепсіз әзіл айтып, түнде хабарлама жіберген. Кейін оның әрекеттері жыныстық сипаттағы зорлыққа ұласқанын мәлімдеді.

Қыз ұялғандықтан, басынан өткенін жақындарына бір жылдан астам уақыт айта алмаған. Психологтің көмегіне жүгінгеннен кейін ғана отбасына айтуға күш тапқан. 2021 жылдың шілдесінде отбасы құқық қорғау органдарына арыз беріп, қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу тоғыз айдан астам уақытқа созылған. Ал сот отырыстары 2022 жылдың жазында басталған. Викторияның сөзінше, жаттықтырушы мен оның адвокатының сотқа келмеуіне немесе денсаулығына байланысты отырыстар бірнеше рет кейінге қалған.

Ақырында ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Осылайша, бұрынғы шәкірті айыптаған жаттықтырушы қылмыстық жауапқа тартылмаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған трактор 11 жастағы қызды қағып кетті. Бала оқиға о...