Алматыдағы Әуезов ауданының полиция басшысы Данияр Меңдібаев боқтаған соң жұмысынан шеттетілді, деп...
Азамат Сатыбалды алдағы 10-15 жылда ел ішінде қақтығыс болатынын айтты
ашық дерекөз
Танымал актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде ой қозғарлық жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Актер қазақ тілінің болашағына алаңдаушылық білдірді.
"Өз ойым... Қазір еліміздің біраз өңірлерінде мүлде орысша білмейтін ұрпақ өсіп келеді. Оны көзім көрді.
Дәл солай, қазақша білмейтін өңірлер бар. Оны да көрдім. Солар жақын 10-15 жылдың ішінде қақтығысады. Қазіргі ұстаным соған апара жатыр. Өзге тілдегі сұраққа қазақша жауап беру заңсыз, ал қазақша сұраққа неге өзге тілде жауап беру қисынды.
Қиын түйін… Бұл ұлттар қақтығысы емес, екі тілдегі бір ұлттың керісуі болмақ. Қазақ тілін қанша тұншықтырса да, ол табиғи түрде, ештеңеге қарамай қарқынды дамуда. Бұл зандынық. Тілдің өз тағдыры бар. Тіл өлмейді. Оны Тәңір өлтірмесе, жұмыр басты пенде жоя алмас. Ал, қазақ тілі осы уақытқа дейін жоғалмаса, өлмесе, демек ғұмырлы демек керек. Сол үшін санасу керек бұл тілмен.
Қазақ тілінің тұсауын шешіп, тек қолдау керек дәл қазір", - деді Азамат Сатыбалды.
Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікірлер қалдырды.
"Блогерлерден тек қазақтілді контент талап ету керек", "Қазақ тілін білмейтін, түсінбейтін ұрпақ өсіп келеді. Ол- рас.", "Өте өте орынды", - деп жазды желі қолданушылары.