“Мазасын алған”: Көршілері Айгүл Иманбаеваның үйіне полиция шақырды

Фото: инстаграм/ aigul_imanbayeva

ЖАҢАЛЫҚТАР
3481

Өнер иесі өз шаңырағына эстрада жұлдыздарын шақырған, деп хабарлайды madeniportal.kz Aqmeshit.kz сайтына сілтеме жасап.

“Сонау 1994 жылдан, студенттік кезден бірге келе жатқан жақын достарым, жекжаттарым. Жылдағы сағынысып көрісетін "Соғым party-ға” шақырдым. Мен жоқ болсам, жан-жаққа шашырап жүреді. Осылардың басын қосайын деп жинап жатырмын. 31 жылдан бері келе жатқан сенімді серіктерім”, – деп жазды әнші.

Алайда өнер иелерінің отырысы көршілеріне ұнамаса керек, полиция келіп, қонақтарды таратып жіберген.

“Мазасыз көршім полиция шақырып, отырысты ерте аяқтауға тура келді. Айгүл Елшібаева концертті үйдің алдында жалғастырған. Полиция келіп, бір ән салуымыз кем болып қалды. Аттың басын жіберген отырыс болды”, – деді өнер иесі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...