40 балаға ақша таратты: Назым Қызайбай балаларға 2 млн теңге таратып берді

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1556

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында көпбалалы аналарға көмек көрсеткенін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Боксшы ару жәй балаларға емес, 5-6 баласы мектепке баратын аналарға көмектескенін атап өтті.

«Жаттығудан кейін өзіме риза болып тұрмын. -2 000 000 теңге, +40 бақытты бала, + күлімдеген көпбалалы аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді», - деп жазды боксшы. 

Оның айтуынша, мұндай көмекке мұқтаж отбасы әлі де көп.

«Егер шын ниетпен көмектескісі келетіндер болса, мәліметтерін бере аламыз. Көмекшіме жазыңыздар. Аз да болса, қолымнан келгенше көмектестім. Мүмкіндік болып жатса, тағы көмектесемін», - деп қорытындылаған Назым Қызайбай. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...