“Шыршаның әлегі”: Семей қаласының әкімі ауысты

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2259

Талғат Мұратов Семейдің жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл тағайындау туралы бүгін, 23 желтоқсанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды.

Талғат Мұратов 2022 жылдың қазан айынан бері Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарып келген. Бүгін, 23 желтоқсанда облыс әкімдігі Нұрбек Қошқарбаев Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалғанын хабарлады.

2022 жылдың 7 қазанында Семей қаласының әкімі болып Нұрбол Нұрсағатов таңайындалған еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, Нұрбол Нұрсағатовтың қызметінен кетуіне шырша безендірген мұғалімнің биіктен құлауы себеп болуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...