«Жұмыс істеңіздер, әйтпесе басқалар келеді»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшылығына қатаң ескерту жасады

Үкімет

ЖАҢАЛЫҚТАР
109

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жұмысын сынға алып, елдегі жолдардың сапасын жақсартуды талап етті, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

22 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев биылғы сегіз айдың қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 10 пайызға азайған. Ал республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығы орта есеппен 30 пайызға артқан.

«Осылайша, көлік ағынының айтарлықтай өсуіне қарамастан, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жол-көлік апаттарын сипаттайтын негізгі үш көрсеткіш те төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деді Иманашев.

Алайда Премьер-министр баяндамада шешімін таппаған мәселелер айтылмағанын атап өтті. Ол жол сапасына қатысты жұмысты күшейтуді талап етті.

«Баяндамаңыз жақсы болғанымен, әлі күнге дейін шешілмеген проблемалық мәселелер көп. Сіз олар туралы айтпадыңыз. Президент атап өткен барлық кемшілік сіздердің жұмыстарыңызға да тікелей қатысты. Жолдардың сапасын жақсарту керек. Жұмыс істеңіздер, әйтпесе орныңызға басқа адамдар келеді», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы «ҚазАвтоЖол» басшылығына жол сапасына қатысты мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте лифтіде 8 жастағы қызға шабуыл жасау ісі бойынша 56 жастағы ер адамға үкім шықты. Сот оны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция қазақстандықтарды электрсамокат пен электрвелосипед тізгіндегендердің заңбұзушылықтарын су...