Ақтаудағы апат: Марқұм бортсерік туралы әріптестері жан тебірентер естелік айтты

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2931

Ақтауда болған ұшақ апатынан әзірбайжандық 3 экипаж мүшесі мен 21 жолаушы мерт болды. Бүгін Бакудегі халықаралық әуежайда экипаж мүшелерін соңғы сапарға аттандырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Oxu.az порталының мәліметінше, экипаж мүшелері туралы әріптестері жантебірентер естелікпен бөлісті.

“Хокума ханым өзінің кәсібилігімен ғана емес, әріптестерімен қарым-қатынаста шынайылығымен де ерекшеленді. Ол бәрімізге мәңгі үлгі болады”, - дейді әріптестері.

Бортсерік Х. Әлиеванаы барлық әріптестері ерекше сыйлайтынын жеткізді.

"Хокума ханым тамаша әріптес және AZAL авиакомпаниясының қауіпсіздік принциптеріне адалдықтың үлгісі ретінде болатын. Біздің батыр ұшқыштарымыз Игорь Кшнякин мен Александр Кальянинов жанқиярлық пен кәсібиліктің арқасында біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - деп қосты ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...