Медицина қызметкерлері жарақат алып, ауруханаға жатқызылған: Екібастұзда науқастың достары дәрігер мен медбикеге шабуыл жасады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
294

Павлодар облысында науқастың достары дәрігер мен медбикеге шабуыл жасады. Полицияның мәліметінше, медицина қызметкерлері жарақат алып, ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 сәуірде таңертең Екібастұздағы травмпунктте болған. Ақпаратқа сәйкес, жергілікті тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Онымен бірге масаң күйде болған екі досы да келген. Еріп келгендер агрессивті әрекет танытып, медицина қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған.

Бөлмеден шығудан бас тартқан жас жігіттер дәрігерге соққы жасай бастаған. Жағдайға араласуға тырысқан медбике де дене жарақатын алды. Қазір зардап шеккен екі медицина қызметкері де ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Екібастұздың үш тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық қызметкерлерге қатысты күш қолдану дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Бұл бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

13-14 мамыр күндері Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласында Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хаба...