Қытайда пиротехника фабрикасындағы жарылыс 26 адамның өмірін қиды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
93

Қытайдың Хунань провинциясындағы фейерверк өндіретін зауытта болған жарылыс 26 адамның өмірін қиып, 61 адамды жаралады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні, 4 мамырда күндіз болған. Билік өкілдері “Хуашэн” зауытының айналасындағы 3 км радиустағы барлық адамдарды эвакуациялауға мәжбүр болды.

Жарылыстың күші соншалықты қатты болғандықтан, көрші тұрғын үйдің терезелері шағылған. Зардап шеккендердің жасы 20-дан 60-қа дейін, ал кейбірі жарылыс сынықтарының тиюінен сүйек жарақаттарын алған.

Қытай басшысы Си Цзиньпин із-түзсіз жоғалғандарды табу және зардап шеккендерді құтқару үшін бар күш-жігерді жұмсауға шақырды. Сондай-ақ ол апаттың мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуді тапсырды.

Жергілікті билік сейсенбі күні бұл аймақтағы су мен ауаның сапасын бақылауда ұстап отырғанын және экологиялық көрсеткіштердің қалыпты деңгейде екенін мәлімдеді.

Билік 1500-ден астам құтқарушыны, сондай-ақ иттерді, дрондар мен роботтарды жұмылдырды. Олардың көмегімен үйінді астында қалған жеті адам құтқарылды.

Қытайдың мемлекеттік БАҚ мәліметінше, жарылыстың себептерін тергеп жатқан полиция фейерверк өндірісімен айналысқан компания қызметкерлеріне қатысты бұлтартпау шараларын қолданды.

Люян қаласы фейерверк өндірісімен танымал және әлемдегі ең ірі пиротехника өндіруші орталық болып саналады.

ӘДЕБИЕТ

«Менің Қазақстаным» әні осыдан 70 жыл бұрын, яғни, 1956 жылы жазылған. Бұл уақытта ән жа...

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

  1 Ауызғы бөлмедегі есіктің дыбы­сы естіліп, мен көзімді аштым. Жа­­рым түнде үй...