25 тамыздан бастап самокат жүргізудің жаңа ережелері күшіне енеді

Фото: Астана әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
91

Астаналықтарға электросамокатпен жүрудің жаңа ережелері түсіндірілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордалық Полиция департаменті Астанада электросамокат қолданушыларына заңнамадағы жаңа талаптарды түсіндіруге бағытталған профилактикалық акция ұйымдастырды. Іс-шара жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жеке мобильділік құралдарын жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Акцияға қала тұрғындары, Полиция департаментінің, прокуратураның, кикшеринг компанияларының, Аумақтардың тұрақты дамуы қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері қатысты.

Жол қозғалысына қатысушыларға электросамокаттарды пайдалану ережелеріндегі өзгерістер түсіндіріліп, олардың сұрақтарына жауап берілді және Жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді.

«Астана Жастары» волонтерлері қатысушыларға электросамокаттарды қауіпсіз пайдалану ережелері жазылған ақпараттық брошюралар да таратты.

Негізгі назар 2026 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енетін талаптарға аударылды. Атап айтқанда, электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады. Пайдаланушылар велосипед жолдары мен веложолақтармен жүруі тиіс. Олар болмаған жағдайда Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жағдайларда жүріс бөлігінің оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүру қажет.

Электросамокаттар әлдеқашан жол қозғалысының толыққанды қатысушыларына айналды. Алайда пайдаланушылардың белгіленген талаптарды сақтамауы жеке мобильділік құралдарын жүргізушілердің өздеріне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіреді, — деді Астана Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Уваев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын&raq...

Медицина

Әлеуметтік желіде дәрігерлердің баланың сынған аяғының орнына сау аяғына гипс салғаны туралы видео қ...