Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

akorda.kz

Жаңалықтар
783

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы және Италия халқын осы елдің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады.

– Бүгінде Италия саяси-экономикалық іргесі берік, халқының әл-ауқаты жоғары және жаһандық саясатта беделі бекем әрі ықпалды мемлекет саналады. Бұл тұрғыда, еліңіз биыл «G7» дамыған елдер тобында белсенді жетекшілік етіп, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қомақты үлес қосып отыр. Қазақстан мен Италия арасында орнаған стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызға ие екенін атап өткім келеді. Ықпалдастығымыздың қарқынын нығайтып, әлеуеті мол серіктестігіміздің жаңа қырларын ашқан Римге ресми сапарымды ыстық ықыласпен еске аламын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді іске асыру мақсатында бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты қызметіне толағай табыс, достас Италия халқына бақ-береке тіледі.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...