Мемлекет басшысының жағдайы нашарлап ауруханаға түсті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2699

Ұлыбритания королі Чарльз III ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Карольдің алдағы тәулікке жоспарлаған барлық іс-шаралары тоқтатылды.

Карольдіктегілер Чарльз III қатерлі ісікке қарсы жоспарланған емдеуге байланысты «жанама әсерлер» пайда болғаннан кейін бақылау үшін ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Букингем сарайындағылар жағдайдың қалыпты екенін, карольдің тексерістен өтіп жатқанын айтты.

Ұлыбритания королі Чарльз III-ке өткен жылдың басынан бері қатерлі ісік диагнозы қойылған. Сол кезден бастап карольдің денсаулығы мұқият бақылауға алынды. 76 жастағы Чарльз үш ай бойы қоғамдық міндеттерден бас тартты. Алайда үкіметтегі құжаттармен жұмыс істеу және премьер-министрмен кездесу сияқты мемлекеттік істерден тыс қалмады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...