Алматыда метроға телескопиялық дубинка алып кірген жолаушы анықталды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
732

Алматы метрополитенінің вестибюльдерінің бірінде полиция қызметкерлері көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, жолаушыдан алып жүруге тыйым салынған зат – телескопиялық дубинканы анықтады. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, қауіпті зат рентген-телевизиялық қондырғы арқылы жолжүкті тексеру кезінде табылған.

Телескопиялық дубинка тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша ер адамның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Полиция метрополитендегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолжүкті міндетті түрде тексеру жүргізілетінін және қауіпті болуы мүмкін бірқатар заттарды алып жүруге тыйым салынғанын еске салды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын алып тастағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жайында қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанның Пенджаб штатында жеңіл көлік жол жиегінде жұмыс істеп жүрген адамдарды қағып кетті. Апат...