Тісін емдетпек болып көз жұмған қыздың өліміне қатысты сұмдық дерек

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
551

Былтыр 30 қазанда 3 жасар Зере Есентай тіс емханасында көз жұмған еді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дәрігерлер севоран препаратының көмегімен бүлдіршіннің 18 тісін емдемек болған. Егер оның өліміне қатысты айыпталушы анестезиологтың кінәсі дәлелденсе, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Елімізде севоранмен емдеу протоколға сай 2000 жылдардан бері қолданысқа енгізілген. Тіс емдеуден бөлек, хирургиялық операциялдарда, балаға КТ, МРТ жасағанда немесе сүндетке отырғызғанда кеңінен қолданылады. Құтыдағы сұйықтық Үндістан, Румыния, Қытай елдерінен импортталады.

Министрліктің мәліметінше, клиникалық протоколдарда бір уақытта қанша тіс емдеуге болатыны нақты көрсетілмеген. Алайда мамандар 18 тіпті 20 тісті бірден емдеп, баланың  6-7 сағатқа наркозда жатуы аса қауіпті екенін айтады.

 

КИНО

2026 жылдың 15 қаңтарында Rustem Omarov YouTube-арнасында (сондай-ақ серия сипаттамасында көрсетілге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп хаб...