«Менің Алтайым» — Канн фестивалінің шорт-тізіміне енген алғашқы қытай сериалы (видео)

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
3460
 
Қытай қазақтарының өмірі туралы түсірілген "Менің Алтайым" атты сериал Канн фестивалініңі шорт-тізіміне енген ең алғашқы қытай сериалы, деп хабарлайды madeniportal.kz "Тіл кеспек жоқ" facebook-парақшасына сілтеме жасай отырып. 

Айта кетейік, телехикая Қытайдың Орталық телеарнасының CCTV-1 арнасында прайм-таймда көрсетіліп, қаралым бойынша рейтинг кезеңінде бірінші орынға шыққан.

«Менің Алтайым» шығармасын 2010 жылы танымал жазушы Ли Цзуань жазған. Дорамада Солтүстік Шыңжанда тұратын адамдардың өмірі бейнеленген. Басты кейіпкер Ли Вэнсю Алтайда дүниеге келген, бірақ, ол үлкен қаладағы жазушылық мансапты армандайды. Алайда, қиындықтарға тап болған қыз туған жеріне  оралып, дүкені бар анасына көмектесуге мәжбүр. Батай есімді қазақ жігітімен танысып, Вэнсю біртіндеп туған жерлерінің сұлулығын ашады.

7 сәуірде сериалдың халықаралық премьерасы өткен. Қазір дораманың алғашқы бөлімі интернетке де шықты.
 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...