«Асылып қалған»: Аягөзде әскери қызметкер көз жұмды

Жеке мұрағат

Жаңалықтар
462

Марқұмның туыстары оның суицид жасағанына сенбейді

Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды. Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіт асылып қалғанын айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол Қызылордада университетте оқыған. Сол жерде әскери кафедраны бітірген. Запастағы лейтенант болып шыққан. Осы жылдың 7 қыркүйегінде әке-шешесі, әжесі, атасы – барлығы жолға шығарып салған. 9 қыркүйекте жұмысын бастағанын хабарлаған. 

«Аягөзде оны екі жылға қызметке шақырған еді. Бір сағат бұрын суыт хабар келді. Асылып қалған дейді. Командирдің орынбасары солай айтты. Бұл жақта күмән туады. Кеше ғана барған адам қалайша асылып қалады?» – дейді әскери қызметкердің жездесі Дархан.

Көз жұмған сарбаздың есімі – Нұрсұлтан Алдамұратов. 1998 жылы туған. Қызылорда облысы Арал ауданы Сазды ауылының тумасы.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...