“Менің төсімді ұстады”: жас қыздарға тиіскен ер адамның әрекеті елдің ашуын туғызды

Фото: ашық дереккөз

Жаңалықтар
422

Қоғамда тағы бір шу шықты. Бірер күн бұрын танымал блогер Құлпынай Калменова күйеуінің 10-11 жастағы екі кішкентай қызбен көңіл жарастырып жүргенін айтып, дабыл қаққан болатын. Қазір бұл мәселеге бүкіл қоғам назар аударып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz abdulla_kz_kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Блогер Құлпынай Калменова күйеуі Қолғанат Жұмабаев барбершопта балалардың шаш алатынын, жуырда телефонынан кішкентай екі қызбен түнгі уақытта жазып, сезімін білдіргенін айтқан болатын.

Ал енді өзіне оқырмандарының бірі жазып, Қолғанат Жұмабаевтың тағы бір ісін әшкере етті.

Сөздеріңнің бәрі шын. Менің ең жақын құрбым болатын. Абай, 89/1 мекенжайында тұрады. Сол бұрында соларды айтатын. Мен де өтірік айтатын шығар деп ойлағам құрбымды. Мен тараздамын, келе аламын. Сол Қолғанат деген «домогательство» жасаған, кеудесінен ұстаған. Ол кезде ол қыз небәрі 12-13 жастағы оқушы болатын. Ал ол (авт. – Қолғанат) университетте немесе колледжде оқитын. Шынымен, психологиялық сау емес болып тұр ғой. Адамдарға жылы сөйлеп, іші-бауырына кіріп кетеді. Өзім де көргем талай рет. Сол кісінің құрбандары көп деп ойлаймын. Жазуға батылы жетпей отырған қаншама. Құрбыма да жібергенмін. Ол да таң қалып отыр», - делінген Құлпынай Калменоваға оқырманы жазған хатта.

Сол сияқты блогер жазылған хаттарда Қолғанат Жұмабаев қырындап жүр деген екі кішкентай қыздардың құрбылары да бар.

Апай, мен бұл қыздардың жан құрбысы болғанмын. Ол топта мен де болдым. Бірақ олар мені топтан шығарып жіберді. Ағай менің төсімді ұстады. Мен ол ағайдан қорқамын. Қорқып мамама да айтқан жоқпын. Не істеймін, апай? Мына ағайды соттатыңызшы. Мен сізге жақтасамын», - делінген хаттың мәтінінде.

Блогер Құлпынай Калменова жариялаған видеода үйіне полиция қызметкерлерімен бірге күйеуі Қолғанат Жұмабаевтың анасы келіп, қорқытып кеткенін көрсетті.

Айта кетейік, Қолғанат Жұмабаевтың 10-11 жастағы екі қызға «Ғашық болып қалдым ғой» деп жазып, олардың аттарын «Айшам», «Тырысқағым» деп сақтап қойғанын байқауға болады.

Жаңалықтар

Қостанайда заңсыз криптовалюта операцияларынан 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыптылар сотталды, деп хаб...

Жаңалықтар

Әзірбайжанда жас келіншек босану үстінде мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Өлімнің нақты...