“Шарап ішкізген”: Ер адам өгей қызын айуандықпен зорлады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2447

Абай облысында ер адам өгей қызына шарап ішкізіп, зорлағаны белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол өгей қызына жасаған зорлық-зомбылығы үшін өмір бойына сотталды.

Тергеу мәліметі бойынша аАзамат С. әйелінің жоқтығын пайдаланып, 12 жасар өгей қызына шарап ішкізіп, зорлаған. 

Сот хабарламасында айтылғандай , ол диванда жатып, телефондағы фильмді көру үшін қызды қасында жатуға шақырған. Баланың қарсылығына және айқайына қарамастан, ол күш қолданып, киімін шешіп, зорлаған.

Сот қылмыстық кодекстің 121 — бабының 4-бөлігі  - жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық бойынша сотталушыны кінәлі деп тапты. Прокурордың сұрауымен, ер адам қатаң режимдегі колонияда өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...