Мереке қарсаңында Қазақстанда доллар қымбаттай бастады

Фото: ИИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1896

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қайтадан күрт қымбаттай бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 523,54 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,56 теңгеге жоғары. Дәл қазір айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 525 теңгеге сатып алынады, 527 теңгеге сатылып жатыр. 

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Жахан Отарғалиевтің әйелі оның өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы жайлы шынайы ойымен бөліст...

ПОЭЗИЯ

СЫЗ. НӨСЕР. КҮЗ… Өтті жаз,Кетті алыстап жұмақ көктем.Күз келді,Қайтты құстар шұбап көкпен.Да...