Қазақстанда алғаш рет Тазы мен төбет күні аталып өтіп жатыр

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

ЖАҢАЛЫҚТАР
126

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, тазы – халқымыздың мәдени мұрасы мен дәстүрлі өмір салтының ажырамас бөлігі. Жеті қазынаның бірі саналатын ұлттық ит тұқымы адалдықтың, ептілік пен күштің нышаны ретінде бағаланады.

Ғасырлар бойы тазы мен төбет Ұлы далада адамның сенімді серігі болған. Айбек Смадияров олардың бүгінгі күні де халқымызды ата-баба тарихымен, ұлттық дәстүрлермен және туған жер табиғатына деген құрметпен байланыстырып тұрғанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақы тазыны сақтау, дамыту және халықаралық деңгейде таныту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен соңғы жылдары ұлттық ит тұқымдарын сақтау және көбейтуге бағытталған заң қабылданып, Қазақстан Халықаралық кинологиялық федерацияның толыққанды мүшесі атанды.

2024 жылы қазақы тазы халықаралық деңгейде алдын ала танылып, Қазақстан ресми түрде осы тұқымның шыққан елі ретінде бекітілді.

Қазір қазақстандық тазылар ірі халықаралық көрмелерге қатысып, асыл тұқымды иттердің базасы кеңейіп келеді. Сондай-ақ ұлттық ит тұқымдарын өсіруге қызығушылық танытатындар саны артып, Қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын.

«Қазақ тазысы мен төбеті күнінің белгіленуі – ұлттық ит тұқымдарын дәріптеуге қосылған тағы бір маңызды үлес», – деп жазды Айбек Смадияров.

СПОРТ

Аргентинадағы келесі турдың барлық матчінде Лионель Мессидің ұлттық құрамадағы мансабына құрмет кө...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанға келетін шетел азаматтары үшін енгізілетін электронды кіру рұқсатының (QazETA) болжамды қ...