Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
632

Тоқаев пен Израиль президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Еліміз Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Таяу Шығыс елдері мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне Қазақстанның да үлес қосуға дайын екенін көрсетеді», – деді Тоқаев.

Израиль президенті 1993 жылы Қазақстанға сапар жасаған әкесі Хаим Герцогтың ізін жалғап Ақордаға келгені үшін қуанышты екенін жеткізді.

«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді. Мұны шын жүректен айтып отырмын. Өйткені қазақ жерінің көркем табиғаты мен қазақ халқының керемет мәдениеті туралы көп естідім», – деді Ицхак Герцог.

Ол Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу және Бейбітшілік кеңесінің жұмысына атсалысу туралы шешімін қолдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...