Минутына 17 мың сөз: Маңғыстаулық оқушы Самир Валерий “100 жаңа есім” қатарына енді

Фото: elitar.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1054

Маңғыстаулық оқушы Самир Валерий “100 жаңа есім” қатарына енді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстандық жасөспірім, Маңғыстау облысының тұрғыны Самир Валерий ерекше жетістігімен жұртты таңғалдырды. Ол минутына 17 мың сөз оқуға қабілетті екенін дәлелдеп, “100 жаңа есім” жобасына енді. 

Бар болғаны екі жыл бұрын Самирдің оқу жылдамдығы минутына небәрі 90 сөзді құраған. Алайда жүйелі жаттығулар мен табандылығының арқасында ол оқу техникасын жетілдіріп, бүгінгі деңгейге жеткен. Қазіргі уақытта Самир жылдам оқумен қатар, оқыған мәтінді толық түсініп, есте сақтап қалу қабілетімен де ерекшеленеді. 

Жас дарын иесінің бұл жетістігі білім беру саласындағы мамандар мен көпшілік қауымның ерекше назарын аударды. Самирдің айтуынша, ол алдағы уақытта бұл қабілетін ғылым мен білім жолында қолданғысы келеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...