Алматыда жаңа туған сәбилерді сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
997

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде жаңа туған нәрестелерді сату бойынша қылмыстық схема әшкереленді. Тергеу мәліметінше, бұл топ бірнеше жыл бойы Қазақстан аумағында әрекет еткен, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары анықтағандай, нәресте саудасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүргізілген. Қаскөйлер әлеуметтік осал топтардан шыққан, соның ішінде шетелдік әйелдерді тауып, жаңа туған сәбилерді басқа адамдарға ақшаға заңсыз беруге делдал болған.

Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы ірі сомаға сату дерегі құжатталған. Ақша беріліп жатқан сәтте күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Бала мемлекет қамқорлығына алынып, тиісті мекемеге орналастырылды.

«Бұл бір реттік әрекет емес. Біз тұрақты схеманың бар екенін, тіпті аймақаралық байланыстар болуы мүмкін екенін болжаймыз. Қатысы бар барлық адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда. Балаларға, әсіресе жаңа туғандарға қатысты заңсыз әрекеттер – бұл циничті әрі ауыр қылмыс. Мұндай бірде-бір дерек заңды баға берілмей қалмайды», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, елдің басқа аймақтарында ықтимал сыбайластар іздестірілуде.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...