Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Коллаж Мәдениет порталы

ЖАҢАЛЫҚТАР
372

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Білім күніне орай әлеуметтік желіде жазба жариялап, отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесінің қызы Айзада биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әншінің айтуынша, Аяла төртінші сыныпқа көшкен. Ал Айзада үшін биылғы 1 қыркүйек ерекше күн болып, ол мектептегі алғашқы оқу жылын бастады.

«Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылын бастауыш сыныпқа арналған жаңа мектепте бастап жатырмыз. Аяла 4-сыныпқа көшті. Айзадамыз мектеп табалдырығын аттады. Осы орайда барша білімге қадам басқан құлыншақтардың зейіндері ашылсын деп тілейміз!» – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Сонымен қатар өнер иесі Астананың сол жағалауында тағы бір мектеп жұмысын бастағанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Шоу-бизнес

Жыл сайын өткізілетін сұлулық байқауына кастинг басталғанын Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бауырым» әнінің авторы Аль Фараби Бекарысұлы туындының шығуына себеп болған отбасылық о...